Үкімет

Мәжіліс депутаттары Кәрім Мәсімовтың ҚР Премьер-Министрінің лауазымына ұсынылған кандидатурасын қолдады

Мәжіліс депутатnары Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын Премьер-Министрдің лауазымына бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Сәуір , 16:46

Мәжіліс басталардан бұрын Парламент Мәжілісі Бюросының отырысы өтіп, онда комитет төрағалары мен Мәжіліс фракциясы депутаттарының жетекшілері сөз сөйледі және Мемлекет басшысының шешімін қолдады.  

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Мемлекет басшысы  Парламент Мәжілісінің қарауына Премьер-Министрдің лауазымына Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын ұсынды.  

«Қазір біз жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға кірістік. Мен комиссия мүшелерін бекітуім керек, олар алдағы мерекелерден соң бірден іске кіріседі. Істің мән-жайын түсініп алуға уақыт жібермеу үшін мен Үкіметтің жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берген дұрыс деп есептеймін. Кәрім Мәсімов өзіне жүктелген міндеттерді орындауда, оның әлеуеті, тиісті білім де бар, осыған қарай біз оған басталған істі сеніп тапсырамыз»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өзінің сөзінде Кәрім Мәсімов өзіне білдірілген сенім үшін алғысын айтып, алдыға қойған міндеттерді орындауда өзінің барлық күш-жігерін жұмсайтындығын айтты.

 

 

 




Яндекс.Метрика