Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қырғызстан мен Түрікменстан басшылары Н.Назарбаевты ҚР Президенті болып тағайындалуына байланысты құттықтады

Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Сәуір , 17:09

Алмазбек Атамбаев Елбасын айқын жеңісімен құттықтады және бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы еңбегін Қазақстан халқы даусыз мойындайтынын тағы да дәлелдеп, оның елді орнықты дамытуға және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саяси-экономикалық реформаларына деген жоғары сенімді көрсететінін айтқан.

«Біз бауырластық қарым-қатынастарымызды, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті бірлескен күш-жігер арқылы бұдан әрі де жан-жақты дамыта беретінімізге сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Соңында А.Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және жауапты лауазымында алға қойған барлық мақсаттарын жүзеге асыруда табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі. 

Сондай-ақ, Гурбангулы Бердымұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевты өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Түрікмен Президенті екі ел және халық арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан әрі де дамытуға дайын екендігін білдірді.

Г.Бердымұхамедов Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақыт және жоғары мемлекеттік қызметіне республика халқының ілгерілеуі мен дамуы жолында табыс тіледі. 




Яндекс.Метрика