Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

5 институционалды реформа болашақтағы 15 жылдың бағдарламалық құжаты болады – Мамашев

5 институционалды реформа болашақтағы 15 жылдың бағдарламалық құжаты болады, деді Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев.
Астана қаласы29 Сәуір , 16:53

«Шетелде тұратын біздің отандастарымыз өздерінің армандары мен мақсаттарын Н.Назарбаевпен байланыстырады. Осы жылдар ішінде 1 млн отандасымыз Қазақстанға келді. Көші-қон үрдісі одан әрі жалғасатын болады. Көптеген қандастырымыз өз жоспарын Қазақстанмен байланыстырады», - деді Т.Мамашев.

Тәуелсіздіңктің бірінші күнінен бастап Елбасы Қазақстанның есігі қазақстандық диаспора үшін айқара ашық екенін айтты. Президент атаған 5 институционалды реформа бізге жақын арадағы 15 жылда бағдарламалық құжат болады.

«Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстанның  жерінде отандастарымыз тарихи отанына оралады. 90-шы жылдары қазақстандықтардың жер аударылуы басталды. Тәуелсіз жылдары тарихи отанына 1 млн-нан астам қазақ оралды», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика