Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

«Мәңгілік ел» құндылықтары біздің жарқын болашағымызға бағыт береді

«Мәңгілік ел» құндылықтары біздің жарқын болашағымызға бағыт береді, деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен ұлықтау рәсімінде.
Астана қаласы29 Сәуір , 16:21

«Біздің қоғамның әртүрлілігі - біздің әлсіздігіміз емес, қуатымыз. Барлық азамттар бірдей құқықты пайдаланып, бірдей жауапкершілікті сезініп, түрлі міүмкіндіктерге де бірдей қол жеткізулері керек»,-деді Ұлт Көшбасшысы.

Оның сөзінше, біздің қоғам тарихи жағдайларға байланысты көптеген тіл мен ұлтқа ие болып, одан да мықты әрі ынтымақты ел бола түсті. Бүгін бізді «Мәңгілік ел» құндылықтары біріктіреді. Бұл - азаматтық теңдік, еңбекқорлық, әділдік, ғылым мен білім берудің культі, төзімділік, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық. Ол жай сөздер емес. Ата-бабамыз: «Егер бір жылды болжасаңыз - егін ек, егер жүз жылды жоспарласаңыз - тал егіңіз, егер мәңгі жасаймыз десеңіз - адамды, ұрпақты тәрбиелеңіз»,-деді Н.Назарбаев.  

«Мәңгілік ел» құндылықтары әл-ауқатты болашағымызды қалыптастыруға бағытталған. Біз Қазақстанның болашағын нығайтып, бірлігін ұзарту үшін ортақ азаматтық сәйкестігімізді дамыта беруіміз керек», - деп атап өтті Елбасы.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика