Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қарағандының студенттері ҚР Президентін ұлықтау рәсімінің құрметіне би флешмобын өткізді

Қарағандыда студенттік өзін-өзу басқару белсенділері және жастардың қатысуымен ҚР Президентің ұлықтау рәсімінің құрметіне би флешмобы өтті.
Қарағанды 29 Сәуір, 20:39

Шара барысында жастар ұйымдарының жетекшілері, Қарағанды қаласы жастарымен жұмыс істеу орталығының директоры сөз сөйледі. Жалпы, бес жүздей жастар би билеп, кейін «Біздің басшы» сөзін жазып шықты

«Балаларымыздың, біздің болашағымыз үшін өздерінің белсенділігін көрсеткен барлық қазақстандықтарды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Әрқайсымыз еліміздің дамуына, өркендеуіне үлес қосып келеміз және күн сайын оны мақтан тұтуымыз керек»,- деді Қарағанды жастарымен жұмыс істеу орталығы ақпараттық-сараптамалық секторының маманы Андрей Савчук.

Оның айуынша, жақында ғана болған сайлау әр қазақстандықтың тәуелсіздікті нығайту бойынша жиырма жылдық еңбекті даусымен одан ары нығайтқанын көрсетті. «Менің ойымша күллі халқымыз Елбасының мемлекетті алға ілгерілету бойынша бағдарламаларымен, идеяларымен өмір сүреді», - деді ол.  





Яндекс.Метрика