Адамзаттық капитал

Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Астанада мұрағат құжаттары жинағының таныстырылымы болды (ФОТО)

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Астанада мұрағат құжаттарының «Мұрағаттар сөйлейді..,» атты жинағының таныстырылым өтті.
Астана қаласы 29 Сәуір, 16:23

Жинаққа Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ұлттық мұрағаттарынан табылған құжаттар енгізілген. Шара барысында Ұлы Отан соғысына қатысты теңдесі жоқ материалдар алғаш рет көрсетілді.  

«Жылда осы кезде сіздермен бас қосатын біз, биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай кездесіп отырмыз. Бүгінгі таңда біз мемлекеттік мұрағат пен мұрағат және құжаттар басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстардың барлығына жуығын жинастырып, осындай кітап шығардық. Бұл өте үлкен жұмыс, өйткені Ұлы Отан соғысына қатысты кез-келген шындықты жария ету өте маңызды. Бүгінде біздің арамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері жүр, олар тірі тұрғанда біз бұл  қиян-кескі соғысты ұмыта алмаймыз»,-деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников.

Жинаққа кірген құжаттардің бірқатары соғыс уақытындағы Ақмола облысы, Ақмола облысында жасақталған дивизиялар мен олардың ерлік істері, қазақ жерінен шыққан партизандар мен олардың соғыс әрекеттері туралы баяндайды. Сондай-ақ жинаққа Беларуссия майданында соғысқан және партизандық қозғалыстарға қатысқан қазақстандықтар туралы айтылады. Жинақтың бір бөлімінде Қазақстанда орналасқан әскери лагерьлердың тізімі жасалған.   

«Біздің биылғы жылғы 70 жылдығын атап өткелі отырған Жеңіске жету үшін ата-бабаларымыздың қаншалықты қиындықтардан өткендігін айтып жеткізу қиын. Бүгін біз мемлекеттеріміздің дамытып, халқымыздың өсіп-өркендеуі жолында еңбек етудеміз. Осының барлығы да біздің ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдерде толарсақтан саз кешкен бабаларымыздың арқасы. Бүгінде олардың көпшілігі жоқ. Ал, көзі тірілерін біз қадір тұтып, құрметтеуіміз керек»,-деді Баларусь мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов.

Ұйымдастырушылардың хабарлауларынша, аталмыш жинақ студенттер мен соғыс ардагерлерінің және ғалымдар арасында таратылмақ. Шараға ҰОС ардагерлері мен Парламент депутаттары, тарихшылар мен елшілік өкілдері және «Жас Ұлан» мектебінің оқушылары қатысты.  

Индира Кауметова

​Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика