Адам капиталын дамыту

Елдің әлеуметтік саясатының негізі – қоғамдағы балалар жағдайының жақсаруы

Астана қаласында «Балалардың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өттіі. Отырыс ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Астана қаласы 30 Сәуір, 11:51

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Женева қаласында (Швейцария), 1994 жылы Қазақстанда ратификацияланған Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау мақсатында Қазақстандағы балалардың жағдайы туралы 4-ші кезеңдік баяндама қорғанысы алда тұр.  «Балалардың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау» тақырыбындағы дөңгелек үстел аталған құжаттағы бейнеленген Қазақстан Республикасындағы балалықшақ мәселелерін талқылау үшін жиналды», - делінген хабарламада.

IV-ші кезеңдік баяндама Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіліп және 2011 жылдың қараша айында БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетке жіберілді.

Отырыс барысында «дөнгелек үстел» қатысушыларымен Қазақстан Республикасында балалық шақ мәселелердің кең ауқымы – отбасы, білім беру, денсаулық, жетім-балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, бостандығынан айырылған балалар, қадағалаусыз және панасыз қалған балалар және т.б талқыланды. 

«Дөнгелек үстел» отырысы нәтижесінде Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде және біздің елімізде БҰҰ Конвенцияның ережелерін толық көлемінде іске асыру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсынымдар қабылданды.

Отырысқа ҚР Президенті жанындағы адамның құқықтары жөніндегі комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Сыртқы істер, Әділет, Ішкі істер министрліктері, Қазақстанда ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қорының мүшелері, ҮЕҰ Кеңесінің, БАҚ мүшелері қатысты.





Яндекс.Метрика