Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қостанайлық жастар ҚР Президентін қолдайтындықтарын білдірді

Қостанайдың облыстық Достық үйінің алдында Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсіміне арналған флеш-моб өтті.
Қостанай29 Сәуір , 17:53

Оған аймақтың 300-ден астам студенттері қатысты. Қостанайдың орталық алаңы бұл кезде үлкен би алаңы іспеттес еді. Ол жерде бір мезгілде түрлі халықтардың әуендеріне би биленіп, студенттер түрлі-түсті жалаушаларын сермеп тұрды.    

«Жастар өздерінің Ұлт Көшбасшысын қолдайтындықтарын білдірді және олар Елбасымен жарқын болашаққа жол тартуға дайын»,- деді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Масут Қалиев.  

Балтық жағалауы халықтарының «Янтарь» этномәдени бірлестігінің төрағасы Сергей Якушевич жастардың Қазақстанның болашағын қалыптастыратындығын айтты. Тап сол жастар Нұрсұлтан Назарбаев алдыға қойып отырған міндеттер мен «Қазақстан-2050» стратегиясының бағыттарын жүзеге асырады.

«Мен жастардың басым көпшілігінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергендігіне сенімдімін. Өйткені бүгін осы жастар Президенттің ұлықтау рәсіміне шын жүректен шаттанып, би билеуде. Бұл олардың Елбасына деген қолдауы»,-деді ол.  

 

 




Яндекс.Метрика