Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А. Мұхамедиұлы: Қазақстанның одан әрі сенімді дамуы үшін бес институционалды реформа керек

Қазақстанның одан әрі сенімді дамуы үшін бес институционалды реформа керек, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы салтанатты ұлықтау рәсімінде.
Астана қаласы29 Сәуір , 15:23

«Бүгін Елбасының Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы айтқандары рас, Қазақстан тек Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар Еуразия құрлығында да көш бастап тұр, біз оған сенеміз. Біз ол туралы мақтанышпен айтуымыз керек», - деді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы салтанатты ұлықтау рәсімі аяқталған соң.

Оның айтуынша, Елбасы бізге дамыту керек дүниелерімізді, міндеттерімізді айқындап берді. «Біз салтанатты шеруімізді одан ары дамытуымыз керек, яғни өмірімізді, болашағымызды және сол 5 институционалды реформаны. Әрине бұл бағытта едәуір реформалар қажет», - деп ағынан жарылды ҚР МСМ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау  -  Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімі өтті.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика