Үкімет

Президент К. Мәсімовтің кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі лауазымына ұсынды

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің фракция жетекшілерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Сәуір , 14:59

Қазақстан Президентінің лауазымына енуімен қатар ел Үкіметі өз  құзіреттілігінен кетті, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен Президенттің қызметіне жақын тұлғалар мен облыс әкімдері мен Астана,Алматы қалаларының әкімдері қызметтерін тоқтатты.

Елбасы алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында Үкімет басталған жұмысты аяқтауы керек. Осы орайда Елбасы Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің лауазымына Кәрім Мәсімовты ұсынды.

«Халықтық коммунистер» депутаттық фракциясының жетекшісі В.Косарев қабылданған шешімнің салмақты әрі орынды екенін айтып өтті.

«Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі А.Перуашев аталмыш шешімді К.Мәсімовтың дағдарысқа қарсы жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып қолдады.

«Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Д.Назарбаева шешімді қолдап, жұмыстың орнына келтірілгенін және Үкімет пен депуттар арасында қарым-қатынас  тұрақты орныққанын атап өтті.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика