Сайлау-2015

Даниель Витт: ҚР-дағы сайлаудың ашықтығы демократиясы дамыған елдердің сайлауларымен деңгейлес

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясы Қазақстан Президентінің сайлауының қорытындылары бойынша сайлаушылардың тізімдерінің ашықтығына күмән келтірген жоқ.
Астана қаласы29 Сәуір , 16:07

Ұсынылған баяндамада барлық сайлау мерзімдері сақталғандығы айтылған, ал Орталық сайлау комиссиясы мен аймақтық сайлау комиссиялары өздерінің жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етті. ОСК мәжілістері байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ашық болды.   

«ОСК сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту үшін жетекші құралдар шығарып, бейнематериалдар дайындады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің басым көпшілігі оқытылды»,-делінген таратылған ақпараттарда. 

АҚШ-тан келген халықаралық байқаушылар ЕҚЫҰ-нан келген әріптестерімен бергі сайлаудың барысын қадағалап отырды және олар да дауыс беру шарасының ашық, заңға сай өткендігін айтты.    

«Қазақстан Президентінің сайлауы  өзінің ашықтығы жағынан демократиясы дамыған деген мемлекеттердегі сайлау шараларынан кем емес. Ал сайлаушылардың келуі жағынан тіпті олардан басым түсті»,-деді «Салық пен инвестициялар» халықаралық оррталығының президенті Даниель Витт.

JamestownFoundration  сарапшысы Влад Сокордың пікірінше, Орталықт сайлау комиссиясы сайлау үдерісіне тыңғылықты дайындалғандығын көрсетті.

«Біз осы сайлау кезінде көрген жаңлықтарымыз туралы айтып өткіміз келеді. Мысалы дауыстарды санау жұмыстарына үкіметтек імесе ұйым өкілдері қатысты, өз кезегінде ол сайлаудың ашықтығы мен таза өткендігін дәріптейді. Сайлаушылармен тілдесуге арналған арнайы сайт іске қосылды. Бұл ыакт транспаренттіліктің кепілі»,-деді Влад Сокор.




Дерекнама

Яндекс.Метрика