«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Е.Қизатов: «Нұрлы жол» аясында 11 автожол жобасын жүзеге асыру көзделуде

Ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарсы жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол Болашаққа бастар жол» бағдарламасы жасақталды, ол жедел әрекеттерді білдіреді, ал оралдың мақсаты жаңа жұмыс орындарын ашу, ел экономикасының өсімі үшін оның іргетасын нығайту. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 автожол жобасын жүзеге асыру көзделуде, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов.
Астана қаласы29 Сәуір , 16:38

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 автожол жобасын жүзеге асыру көзделуде, олар: Батыс Еуропа  Батыс Қытай,   Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Алматы  Өскемен, Қызылорда  Жезқазған  Қарағанды, Астана  Петропавл  Ресей Федерациясы, Орал - Каменка, Астананың Оңтүстік  Бастыс айналма жолы, Жетібай - Жаңаөзен, Үшарал - Достық. Олардың жалпы құны 2,4 трлн теңге. Барлығы 7 мың шақырымнан астам жолды қалпына келтіру көзделуде», - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы елорданы еліміздің барлық аймақтарымен байланыстырады және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Жалпы, 2020 жылға дейін 7,5 мыңнан астам жол салу және 200 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Негізі еліміз бойынша құрылыс монтаж жұмыстары 1300 шақырымға созылған 40 уческеде жүргізіледі. Қосымша 2015 жылы 150 шақырымда жұмыс бастау көзделуде. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 424 шақырым жол пайдаланылуға беріледі деп күтілуде.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика