Сайлау-2015

Сайлауға дайындық тиімді жүргізілді – ЕҚЫҰ

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) ҚР Президентінің сайлауына дайындық тиімді жүргізілді деп есептейді. Бұл туралы аталмыш ұйымның сайлаудың қорытындысына байланысты жасаған арнайы баяндамасында айтылған.
Астана қаласы29 Сәуір , 14:49

«Сайлауға дайындық пен оны өткізу жұмыстары өте тиімді болды. Сайлаумен байланысты өткізілетін шаралардың мерзімдер сақталып, сайлау комиссиялары өздерінің қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз етті. Орталық сайлау комиссиясының мәжілістері байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ашық болды.ОСК сессия басталғанша, күн тәртібін жария еткен жоқ, алайда бұны заң талап етпейді»,-делінген есепте.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері де осындай пікірде. Олар да өздерінің шетелдік әріптестерімен Қазақстандағы сайлауға мониторинг жүргізген болатын.  

«26-сәуір күні миссия өкілдері Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 53 сайлау учаскесінде болды. Миссия өкілдері дауыс берушілердің көптігін, яғни сайлаушылардың белсенділігін атап өтті, сонымен қатар олар учаскелік сайлау комиссияларының Қазақстанның саайлау заңнамаларына сәйкес жұмыс істегендігін айтып отыр. Мемлекет басшысын сайлау ашық, еркін әрі демократиялы өтті деп есептейді олар»,-деді ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев.  

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика