Үкімет

Елбасы Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Астана қаласы29 Сәуір , 13:52

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты  Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болады.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика