Үкімет

Елбасы ҚР Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Сәуір , 13:43

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына  сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика