Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Президенті меморгандар алдында нақты міндеттер қойды – депутат

Қазақстан Президенті меморгандар алдында нақты тапсырмалар жүктеді, деді ҚР Президенті ұлықтау рәсімінен кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская.
Астана қаласы29 Сәуір , 13:36

«Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Қазақстанда жасалып жатқан шаралардың барлығы елдің азаматтары мен отбасыларының өмірін жақсартуға бағытталғандығын айтып өтті. Бұл елдегі болып жатқан шаралар ел өмірінің сапасын жақсартуға бағытталғанын білдіреді. Бұл сайлауалды кампанияда айтылатын сөздер емес, нақты бағыт алған мақсат», - деді депутат.

Романовская атып өткендей, қабылданып жатқан институционалдық реформалар елдегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

«Импорт алмасуды индустрияландыру картасы біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретеді, демек ел де бәсекеге қабілетті болады. Азаматтық қоғамды,  бірыңғай ұлтт  дамытуға бағытталған реформа әр адамнан елдің болашағы не күтетінін анықтайды», - деді ол.

Камила Амирова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика