Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау жүйесі ДЭЫҰ мүше елдердің стандартына бейімделеді

Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау дамытудың экономикалық ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің стандарттарына бейімделеді. Бұл туралы Н. Назарбаев Астанадағы ұлықтау рәсімінде хабарлады.
Астана қаласы29 Сәуір , 13:10

«Әлемде өздеріңіз білетіндей қазақстандық экономикалық ғажайып термині пайда болды, шынында да біз аз уақыт ішінде қыруар іс атқардық,  көптеген мемлекеттер 100 жылда жүріп өтетін жолды басып оздық. Бүгінде қазақстандықтар біздің аймақтың экономикалық көшбасшысы. Алайда тоқтап қалуға болмайды, реформа білімге негізделген ұлттық экономиканы ала шығарады», - деді  Елбасы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, реформаның негізгі міндеті халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту.

«Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз құрылымдық реформа жүргіземіз. Білім беру мен денсаулық сақтау  дамытудың экономикалық ынтымақтастығы ұйымына мүше  мемлекеттердің стандарттарына бейімделеді», - деп баса айтты Н. Назарбаев.

Президент атап өткендей, экономиканы әртараптандыру трансұлттық компанияларды қайта өңдеу саласына тарту арқылы жүргізіледі, бұл өз кезегінде Қазақстанға әлемдік нарықта үлкен қадам жасауға мүмкіндік береді.

«Біздің мемлекетіміз Еуразияның логистикалық орталығына айналады. ЭКСПО-2017 жоғарытехнологиялы инфрақұрылым базасы негізінде Астана қаржы орталығы құрылады, оның ерекше статусы болмақ», - деп сендірді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау - Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімі өтті.

Белгілі болғандай, Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдың 26 сәуірінде Президенттің кезектен тыс сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев халық дауысының 97,75%-ын жинады. Сайлаушылардың келуі рекордтық көрсеткіш 95,22% көрсетті. Сарапшылардың пайымынша, дәл осы сайлау өзінің сайлаушылар санының көрсеткішімен әлемнің сайлау тарихына енеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика