Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан стратегиялық серіктестерімен ынтымақтастықты жалғастырады – Назарбаев

Қазақстан стратегиялық серіктестерімен ынтымақтастықты жалғастырады.Бұл туралы бүгін Ұлықтау рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Астана қаласы29 Сәуір , 12:34

«Ұлт жоспарының сәтті орындалуы жағымды халықаралық климаттың болуын талап етеді. Біз стратегиялық серіктестерімен  - Ресеймен, Қытай Халық Республикасымен, Америка Құрама Штаттарымен, Еуропалық Одақ елдерімен, Ислам әлемімен ықпалдастықты жалғастыра беретін боламыз. Халықаралық ұйымдарда жұмысты қыздыра түсеміз», - деді Президент. 

Елбасы айтқандай,  болашақта Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті сақтауда өңірлік даулар мен ислам әлемі, посткеңестік кеңістікте  бейбіт іскерлікті жалғастырады.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестермен: Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен және Армениямен байланыстар ерекше маңызға ие болады», - деп түйді ойын Елбасы.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика