Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда жаңғырту бойынша ұлттық комиссия құрылады - ҚР Президенті

Қазақстанда ҚР Президенті жанынан Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия құрылады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ұлықтау рәсімінде.
Астана қаласы29 Сәуір , 12:13

«Ең жақын күндері ҚР Президенті жанынан Жаңғырту  бойынша ұлттық комиссия құрылады. Комиссияның мақсаты  кезең-кезеңімен осы 5 реформаны жүзеге асырып, мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтық қоғамның іс-әрекеттерін үйлестіру», - деді ҚР Президенті.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, ұлттық комиссияға құрамында белді шетелдік және қазақстандық сарапшылар бар  халықаралық кеңес беру кеңесі қолғабыс етеді. 

«Комиссияның бірінші отырысында (ҚР Президенті жанындағы Жаңғырту  бойынша ұлттық комиссия) мен Ұлт жоспарын ұсынамын. Бұл - бұдан ары қарайғы мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы. Бұл тұрғыда бес институционалдық реформалар бойынша атқаратын жұмыстарымыз түсіндіріледі. Осы орайда Н.Назарбаев бұл 100 қадам жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болатындығын және бір мезгілде жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған елдің құрамына ену бойынша жоспар екендігін атап өтті. Реформаларды жүзеге асыру - алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлттық нөмірі бірінші мақсат-міндет болмақ.Инустриалды бағдарлама осы кезеңді қамтитын болады», - деді Ұлт көшбасшысы. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика