Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев: Қазақстанның алдында 5 ауқымды міндет тұр

Қазақстанның алдында 5 ауқымды мінде тұр, деді Мемлекет басшысы Астанада өткен ұлықтау рәсімінде.
Астана қаласы29 Сәуір , 11:50

«Мен Қазақстанның алдында 5 ауқымды міндет тұр деп ойлаймын. Біріншіден, бізге тұрақтылықтың тірегі ретінде орта таптың үлесін арттыру керек, бизнесті дамытып, оны сақтау арқылы еліміздің  тұрғындарының әл-ауқаты орташа мемлекет болуына көмектесу керек. Екіншіден, біз үлкен мемлекетпіз, сол себепті бізге бірыңғай ішкі нарықты дамытып, теңдестірілген дамуды жолға қойған жөн»,- деді ҚР Президенті.   

Үшіншіден, Президенттің айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресу керек, өйткені ол барлық жұмыстың және қазақстандықтардың қызметінің басымдығы.

«Төртіншісі, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты. Ол үшін индустриялдық бағдаралама жүзеге асырылуда, сондай-ақ бизнес дамуда. Бесіншісі, тарихтың жаңа сабағында ұлттық бірлігін нығайту», - деді Елбасы.

Елбасы 26 сәуір күні өткен сайлау туралы тағы да сөз қозғады. «Мәңгілік елдің мызғымас ұстанымдарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы. Бірлігін берекеге ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы. Өзінің ұрпағының болашағын қасиетті Отанымыз Қазақстанмен бірге көретін әрбір азаматтың ерік-жігері», - деді Елбасы.

Айта кетейік, 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Асаммаблеясының бастамасымен өткен кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, жеңіске жетті. Сайлаушылардың келуі рекордтық көрсеткіш 95,22% көрсетті.Сарапшылардың пайымынша, дәл осы сайлау өзінің сайлауышлар санының көрсеткішімен әлемнің сайлау тарихына енеді. 

 




Яндекс.Метрика