Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Назарбаев Қазақстан дамуына қауіп төндіретін 5 сын-қатерді атады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамуына қауiп төндiретiн 5 жаңа сын-қатердi атап өттi.
Астана қаласы29 Сәуір , 11:43

«Әлемдiк дағдарыс, дүниежүзiнде жалпы белгiсiздiктiң өсуi. Жаңа түрдегi қақтығыстар әлемдiк қауiпсiздiк жүйесi үшiн үлкен сын болып отыр, әлемдiк аренада экстремизм мен зорлықты пайдаланатын жүйесiз ойыншылар пайда болды. Орталық Азия, яғни бiздiң өңiрге әлемдегi күйзелiстiң жаңа бағыттары әсер етуi мүмкiн, бұл бүкiл өңiрге қатер төндiруi ықтимал. Соңғы 2-3 жыл ішінде жаһандық мәселелер көбейіп кетті. Біздің дамуымызға 5 сын-қатер төніп тұр », - деді Н.Назарбаев.

«Бірінші-әлімдік тәртіпнің дағдарысы, жалпы әділетсіздік көңіл күйі. Әлемдік сахнада экстремизим мен мәжбүрлеуді пайдаланылатын жүйесіз жаңа ойыншылар пайда болуда. Екіншісі  элем экономикасының құбылуы жалғасуда. Санкциялық, валюталық және сауда соғыстары әлемдегі жағдайды шиеленістіріп барады. Үшіншісі  бүгінде климаттың өзгеруі адам болжай алмайтын жағдайларға дейін жеткізуде», - деп атап өтті Президент.

Бұдан басқа, Елбасының айтуныша, Орталық Азияны жаңа әлемдік күйреу желісі жанап өтуі мүмкін, ол өз кезегінде барлық аймақта оңай тимесі анық. Бесіншісі  жаһандық тәртіптің дағдарысы, әлем экономикасының тұрақсыздығы осы мәселелермен күресте халықарылық үйлестіруге күмән келтіреді. 

«Әлемдік экономиканың жағдайына қарсы біз жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» бағдарламасын әзірледік. Бағдарлама жаңа жұмыс орнын ашу, экономикалық қызметтің іргетасын нығайту мақсатында жылдам әрекеттер жасауға бағытталған», - деді Елбасы.

Камила Амирова

 

 




Яндекс.Метрика