Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Назарбаев: Мен бұған дейінгі жылдардағыдай халқыма адал қызмет етіп,елім мен азаматтарымның әл-ауқатын қорғаймын

Мен бұған дейінгі жылдардағыдай халқыма адал қызмет етемін, мемлекетім мен азаматтарымның әл-ауқатын қорғаймын, деді Елбасы Астанадағы ұлықтау рәсімінде.
Астана қаласы29 Сәуір , 11:30

«Құрметті қазақстандықтар, достар, жақтастар мен дәл қазір Конституцияға сәйкес халқыма ант бердім. Бұл сөздерді мен алдағы мерейлі мереке Қазақстан халқының бірлігі қарсаңында айттым. Халқымыздың бірлігінің күшін өткен президенттік сайлау көрсетті, мен халқыма ризамын», - деді ҚР Президенті.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, Қазақстан күллі әлемге бірліктің күші мен қазақстандық халықтың ынтымақтастығын паш етті. «Бұл сайлау қазақстандықтардың маған көрсеткен үлкен сенімі ретінде тарихқа енеді», - деп баса айтты ҚР  Президенті.

«Біз бірге халықтық жолды өттік, өзімізге сенімдік танытып, тәуелсіздік алдық, мемлекет құрдық, бірыңғай ұлтты құрдық», - деді Елбасы.

«Сіздердің сенімдеріңіз мені әрқашан шабыттандырды, мен бүгін сенімділікпен айта аламын, осыған дейінгі жылдарда сияқты халқыма адал қызмет ететін боламын, халыққа қамқорлық танытып, халықтың жақсы өмір сүруіне тырысамын», - деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетйік, Астанада Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау - Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімі өтуде. 

Белгілі болғандай, 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Асаммаблеясының бастамасымен өткен кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, жеңіске жетті. Сайлаушылардың келуі рекордтық көрсеткіш 95,22% көрсетті.

Сарапшылардың пайымынша, дәл осы сайлау өзінің сайлауышлар санының көрсеткішімен әлемнің сайлау тарихына енеді. 

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика