Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Назарбаев: Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті

Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті,деді ҚР Президентінің ұлықтау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана қаласы29 Сәуір , 11:26

«Қымбатты, отандастар! 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи тағдырлы күн болды.  Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігіменен кемел келешекке сенімін танытты. Мәңгілік елдің мызғымас ұстанымдарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы. Бірлігін берекеге ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы. Өз ұрпағының болашағын қасиетті Отанымыз Қазақстанмен бірге көретін азаматтың ерік-жігері», - деді Ант қабылдау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

 «Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан -2050» стратегиясына, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 5 халықтық реформаға елімінің білдірген қолдауы.

«Маған тапсырылған сенім мандаты тәуелсіз елді нығайтуға еңбек еткеннің бағасы. Бұл халқымның ұлы мақсатқа  - Қазақстанның ең мықты елдердің жолына кірудегі ақ батасы», - деді Елбасы.

 




Яндекс.Метрика