Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтуде.
Астана қаласы29 Сәуір , 11:07

Ұлықтау рәсімі өтетін Тәуелсіздік сарайының салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді.  .

Салтанатты рәсімде ҚР Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы Игорь Рогов Конституцияның 42-бабына сәйкес ҚР Президентi Қазақстан халқына ант берген сәттен лауазымына ресми түрде кiрiсетінін жариялағаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев оң қолын Ата заңымызға қойып тұрып, салтанатты түрде ант берді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, оң қолы Қазақстан Республикасы Конституциясына қоя отырып халықына адал қызмет етуге ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет iстеуге, Қазақстан Республикасы мен оның заңдарын қатал сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасының өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал орындауға салтанатты түрде ант етемiн», - деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетйік, Астанада Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау - Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімі өтуде. 

Белгілі болғандай, 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Асаммаблеясының бастамасымен өткен кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, жеңіске жетті. Сайлаушылардың келуі рекордтық көрсеткіш 95,22% көрсетті.

Сарапшылардың пайымынша, дәл осы сайлау өзінің сайлауышлар санының көрсеткішімен әлемнің сайлау тарихына енеді. 

Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалу барысында 21 артиллериялық дүркін оқ ату болды. 




Яндекс.Метрика