Адами капитал

Қазақстандық әскери теңізшілер теңіз жағалауында және су жолындағы қауіптерді пысықтады (Фото)

Үш қазақстандық зымыранды-артиллериялық кеме «Каспий теңізі – 2015» теңіз биатлонына даярлық аясында ашық теңізге шықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 29 Сәуір, 10:28

Үш күн бойы Каспийде әскери теңізшілер теңіз маңында жүзуді және су жолындағы қауіптерді, 30-40 метрдегі якорді кемеге қоюды іске асырды. Осы орайда Халықаралық МСС-65 жиын дабылына сәйкес дабыл беріліп, жалаушамен белгі жасалды.

Сондай-ақ бортта қалып қойған адамды суға түсу тәсілі арқылы құтқару жұмыстары пысықталады. Біздің әскери теңізшілер үшін аталған тәжірибе сабақтары – алдағы Халықаралық«Каспий теңізі – 2015» жарысына жақсы жаттығу болмақ.

 Өйткені осы жаттығулар теңіз биатлонының үш кезеңіне енгізілген болатын. Үш күндік оқу-жаттығу аяқталысымен 30 сәуірде әскери теңізшілер ашық теңізде су астындағы қорғанысқа қарсы кемелер мен құрылымдарды іс жүзіндегі сабақтарға кірісуді жоспарлауда. Сонымен қатар су асты және әуе нысаналары бойынша ату жаттығуларын іс жүзінде пысықтайды.

 Естеріңізге сала кетсек, «Каспий теңізі – 2015» - каспий маңы елдері әскери-теңіз күштерінің қатысуымен өткізілетін алғашқы сайыс. Жарыс ағымдағы жылы жазда Каспийдің акваториясында өтеді. Атап айтсақ, теңіз биатлонына отандық «Қазақстан», «Орал», және «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесінің экипаждары, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы қатысады.

 





Яндекс.Метрика