Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жамбыл облысында әрекеттегі ШОБ субъектілері 1,2 пайызға өсті

Жамбыл облысында шағын және орта бизнес саласында 2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайды 2014 жылмен салыстырғанда әрекеттегі ШОБ субъектілері 1,2 пайызға өсіп, 72994 бірлікті құрады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Жамбыл29 Сәуір , 10:07

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асқалы бері кәсіпкерлердің 399 жобасына 47,3 млрд теңгеге көмек көрсетілді.

Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыты бойынша «Пайыздық көрсеткішті субсидиялау» бойынша 36,0 млрд теңгеге 304 жоба жүзеге асуда. Оның ішінде 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 146,9 млн теңгеге 12 жоба жүзеге асырылды.

«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша 8,2 млрд теңгенің 60 жобасы жүзеге асырылмақ. 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 332,4 млн теңгенің 13 жобасы жүзеге асты. Гранттық қаржыландыруды 44,0 млн теңгенің 15 жобасы жүзеге асты.

«Кәсіпкерлік саланы сауықтандыру» бойынша 3,0 млрд теңгенің 10 жобасы мақұлданып, жүзеге асуда.

«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бойынша 1248 кәсіпкер  3474 түрлі қызметке ие болды. 37 кәсіпкер оқытудан өтті. «Іскерлік байланыс» бизнес-тренингінен 4095 кәсіпкер өтті. 




Яндекс.Метрика