Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Сайлаушылардың көптеп келуін 2015 жылғы сайлаудағы қазақстандық рекорд деуге болады – сарапшы

Сайлаушылардың көптеп келуін сайлау науқанындағы қазақстандық рекорд деуге болады. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева «Сайлау 2015: нәтижелермен мен бағалар» сарапшылар форумында хабарлады.
Астана қаласы29 Сәуір , 09:44

«Бірінші кезекте сайлаушылардың дауыс беруге көптеп келуін атап өтсем деп едім. Бұл шын мәнінде қазақстандық рекорд. Қазақстан халқы күллі әлемге ынтымақтастықты және өз басшыларын қолдайтынын айқын көрсетті. Бұл соншалықты жаңалық  деуге келмейді әрине, себебі Елбасының саясаты Қазақстан халқының әл-аухатын көтеруге арналған», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Ж. Құсманғалиева электоралды компания ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.

«Сайлау комиссиясының орталықтағы және аймақтардағы, БАҚ мен халықаралық байқаушылардың нақты, келісілген жұмысы халқымыздың келіп еркін дауыс беруі үшін барлық жағдайды жасады», - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 26 сәуірде өткен сайлауда барлық сайлаушылар қауымының 95,22% өз азаматтық борышын орындады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика