Сайлау-2015

Д.Зенн: Қазақстандағы сайлау үдерісі барлық талаптар бойынша жоғары ұпай жинады

Қазақтандағы Президенттік сайлау барлық талаптар бойынша жоғары ұпай жинады, деді халықаралық байқаушы Джейкон Зенн «Президенттік сайлау-2015: қорытынды және перспектива» атты талдамалы баяндаманың таныстырылымында.
Астана қаласы29 Сәуір , 10:11

«Қазақстандағы Президенттік сайлауда республиканың барлық аймақтарындағы азаматтар сайлауға қатысты. Дауыс беру актісі  - демократиялық қоғамдағы маңызды акті болып есептеледі. Бұл азаматтың өз даусын білдіруі, өз елінің кандидатын қолдау деген сөз. Кандидаттың сайлауда белгілі бір деңгейде дауыс жинауы оның алған бағытының заңдылығын көрсетіп, өзіне деген қолдаудың деңгейін сезінуге мүмкіндік береді. Дауыс беру жүйесін еркін әрі әділ деп шешуге мүмкіндік беретін тағы бір құрал бар. Ол сайлаудың ашықтығы»,-деді Д.Зенн.

Байқаушының сөзінше, сайлаудан соң оның қандай жағдайда және қалай өткеніне баға беріледі. Бұл ретте міндетті түрде сайлаушылардың қанша пайызы дауыс бергендігі, сайлау қаншалықты бәсекелі, тартысты  болды, қаржы ресурстарына қолжетімділік қалай, ұлт қаншалықты бөлінді немесе оның ауызбіршілігі қандай  болды деген сияқты мәселелердің барлығы ескеріледі.   

«Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы сайлау үдерісі барлық талаптар бойынша жоғары ұпай алды»,-деді байқаушы.  

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика