Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстандықтар ҚР Президентін саналы түрде таңдады - саясаттанушы

Қазақстан азаматтары өздерінің саналы таңдауларын жасап, бүкіл әлемге ең көп дауыс беру үлгісін көрсетті,-деді саясаттанушы Юрий Булутаев «Президенттік сайлау-2015: қорытынды және перспектива» атты талдамалы баяндаманың таныстырылымында.
Астана қаласы28 Сәуір , 18:39

«Қазақстан Президентінің сайлауында сайлаушылардың көп болуының бір себебі, еліміздің азаматтарының Президент сайлауының маңыздылығы айқын түсініп отырғандығымен байланысты. Сайлаушылардың көп келуі олардың Президентке ғана емес, Президенттік институтқа да деген сенімінің көрінісі. Әлеуметтану қызметтері жүргізген сауалнамалардың көбінде қалың көпшілік Президенттік институтты қолдайтындықтарын білдірген», - деді Ю.Булуктаев.

Оның пікірінше, азаматтар өздерінің саналы таңдауларын жасап, бүкіл әлемге ең көп дауыс беру үлгісін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 26-сәуірінде өткен кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75 пайыз даусын жинады. Дауыс берушілер саны сайлаушылардың 95,22 пайызын құрады.

Ботагоз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика