Өңірлер

СҚО «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 5,2 миллиард теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстанда «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 5,2 миллиард теңге бөлінді, деді облыс әкімдігінің мәжілісі барысында энергетика және ТҮКШ басқармасының жетекшісі Антон Федяев.
Солтүстік Қазақстан29 Сәуір , 08:33

Оның сөзінше, бүгінгі таңда облыстың сумен қамтамасыз ету жүйесіне деген қолжетімділік 87,4 пайызды құрайды. 2015 жылы су Есіл ауданының Горное ауылына, Тайыншы ауданының Чермошнянка ауылына беріледі. 29 елді мекенде бөлгіш желілер салынады.   

«Бұған қоса, ағымдағы жылы Соколов су құбыры тобының қайта жөндеу жұмыстары аяқталады да 13 ауылға су барады. Сондай-ақ Преснов су құбырының аяқталуына орай 7 ауылға су жеткізіледі. 2015 жылы сумен қамтамасыз етуге барлығы 5,2 миллиард теңге жұмсалмақ. Су 7 ауылға беріліп, 44 елді мекендегі сі жіберу жүйесі жетілдіріледі»,-деді А.Федяев.

Облыс басшысы Ерік Сұлтанов аудан басшылары мен Петропавл қаласының басшысына «Ақ бұлақ» бағдарламасының мақсатты индикаторларын орындап, қазақстандықтарды сапалы , таза сумен қамтамасыз ету бойынша арнайы жиын өткізуді тапсырды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика