Сайлау-2015

ҚСЗИ Қазақстанда өткен сайлау науқаны жөнінде кешенді талдау дайындады

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты бір топ сарапшылармен бірге 2015 жылы өткен Президент сайлауы туралы ашық талдамалы баяндама дайындады.
Астана қаласы28 Сәуір , 18:16

«Онда 2015 жылы өткен Президент сайлауының барысы толық қамтылған. Сонымен қатар, баяндамада сайлаудың еліміз үшін маңызы мен партиялық-саяси жүйе және электоралды науқанның жүзеге асырылуы көрініс тапқан»,-деді Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин баяндаманың таныстырылымында.   

Оның сөзінше, баяндаманың басты ерекшелігі - Қазақстанда өткен сайлау науқанының кандидаттарды ұсыну, сайлау науқанының барысы, дауыс беру күні және сайлау қорытындысын шығару сияқты барлық кезеңдеріне жасалған кешенді талдау болып табылады.

«Сондай-ақ біздің сарапшылардың назарына іліккен науқанның процедуралық бөлігіне қатысты да аспектілері бар. Біздің баяндамамыздың артықшылығы онда сайлау науқанына шолудан өзге  осыған дейінгі науқандарға салыстырмалы анализдерге көп көңіл бөлінді. Бұл өз кезегінде баяндаманы оқушыға өзінің қорытындысын шығаруға мүмкіндік береді. Біз сонымен қатар, сайлауға өзге партиялардың қатысуына да епкін түсірдік»,-дейді институт директоры.

Бұл Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының отандық және шетелдік сарапшылармен бірігіп жасаған алғашқы тәжірибесі.  

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика