Үш күн бойына 600-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері, олардың жесірлері мен тыл еңбеккерлері және оған теңестірілгендер Зеренді ауданы әкімінің орынбасарларының қолынан Мемлекет басшысы бекіткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған кеудеге тағатын медальдарды салтанатты жағдайда алды.
Ауданның барлық ауылдық округтері бойынша, мерекенің аясында салтанатты шаралар мен кездесулер керуені өтті. Ардагерлер бұл жеңістің қандай жолмен келгендігін көздеріне жас ала отырып, еске түсірсе де, қонақтарды ерекше қуанышпен қарсы алды. Ал медаль алуға келе алмаған ардагерлерге медальдар олардың үйлерінде бұдан кем емес салтанатты жағдайда табыс етілді.