Өңірлер

Астана қаласында 8 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды

2015 жылдың 27 сәуіріндегі көрсеткіш бойынша Астана қаласында құны 8 699 676 теңгені құрайтын 1763 нысан заңдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Сәуір , 19:24

Департаменттің көрсеткіші бойынша, 2015 жылдың 27 сәуіріне дейін ҚР территориясында тұрған мүлікті заңдастыруға жергілікті атқару органдарына құны 33 129 712 мың теңгеге бағаланған 1978 өтініш келіп түскен, құны 16 279 712 мың теңгені құрайтын 2 539 тұрғын-үй нысаны, құны 16 392 025 мың теңге болатын 2 833 тұрғын үй емес нысан, сонымен қатар 12 282 668 мың теңгенің 317 коммерциялық нысаны.

Мүлікті заңдастыру бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не алынған табыстарды жасыру мақсатында заңдастыру субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің иесімен шығатын тұлғаға тиісті емес ресімделген және табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымдардан шығарылған мүлікке мемлекеттің құқығы бар деп танылатын үрдіс.

 

 




Яндекс.Метрика