Сайлау-2015

Қазақстандықтар ҚР Президенті сайлауына қатысу маңыздылығын түсінеді-ҚХА

Қазақстандық қоғам ҚР Президенті сайлауына қатысу маңыздылығын түсінеді, деп хабарлады Астана қаласы түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев Қазақстан халқы Ассамблеясының салтанатты жиынында.
Астана қаласы28 Сәуір , 18:01

«Біз кезектен тыс президенттік сайлаудың екі ерекшелігін атап өтеміз: сайлаушылардың рекордтық көрсеткіші  95%. Қоғам дауыс беруге қатысу маңыздылығын түсінеді, бұл бізді қуантады. Екіншісі ол Елбасының жеңісі», - деп атап өтті Ә.Пириев.

Оның айтуынша, ол ҚХА-ның барлық мүшелері сияқты өзінің таңдауын 1991 жылы-ақ жасап қойған.

«Біз өз шешімімізде тұрақтымыз. Ол үшін түрлі себептер бар. Қазақстан құрылу барысында көптеген сынақтардан өтті, олар: дағдарыс, девальвация мен саяси шиеленісті жағдайлар. Мемлекет басшысы үлкен көрегендігімен барлық бастамаларды соңына дейін жеткізді. Жалпы оның бағдарламалары халық игілігіне бағытталған», - деп түйді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика