Сайлау-2015

Н.Назарбаев РФ Үкіметінің Төрағасынан сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау алды

Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Сәуір , 17:44

Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы  жеңісімен құттықтады.

«Сайлаудағы айқын жеңіс Сіз жүргізіп отырған стратегиялық бағыт Қазақстан халқының кең қолдауына негізделгенін көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен республика әлеуметтік-экономикалық даму және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытында алға ілгерілеуін жалғастыратынына сенімдімін», –  делінген жеделхатта.

Ресей Премьер-Министрі қазақстандық серіктестерімен кооперациялық байланыстарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты жандандыруға әзір екенін білдірді.

«Біз Сіздің Ресей мен Қазақстанды біріктіретін достықты, тату көршілік пен  серіктестікті нығайтуға, түрлі салалардағы ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға қосқан зор үлесіңізді бағалаймыз», – деп атап өтілген жеделхатта.

Соңында Дмитрий Медведев Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 

 




Яндекс.Метрика