Сайлау-2015

ҚХР Төрағасы Н.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Сәуір , 16:49

 Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәуірде өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Қытай көшбасшысы Қазақстан Президентінің тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтып, «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының өзара толықтырушы сипатын атап өтті.   

Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерге қатысты екі елдің ұстанымдары ұқсас екеніне назар аударды.

Соңында Си Цзиньпин Қазақстан Президентін биыл Қытайға сапарлап келуге шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қытай жағы бастамашы болды.

 

 




Яндекс.Метрика