Сайлау-2015

Е.Тоғжанов: Сайлаушылардың дауыс беруге көптеп келуі сайлаудың заңды өткендігін көрсетеді

Сайлауда қазақстандықтардың 95 пайызы дауыс берді, осының өзі оның заңды екендігін көрсетеді, деді Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерішісі Ералы Тоғжанов Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы28 Сәуір , 16:44

«Қазақстан тұрғындары бейбітшілік пен келісім және бірлік үшін дауыс берді. Меніңше «Нұрлы жолдан» бастап барлық бағдарламалардың жүзеге асырылуы тек келісім салтанат құрған елде ғана болуы мүмкін. Келісім арқылы біз тұрақтылыққа бет алып бара жатырмыз»,-деді Е.Тоғжанов.

Сайлаудың заңды өткендігін Қазақстан халқының өзі айтып отыр, өйткені тұрғындардың 95 пайызы сайлауға қатысты.  

Е.Тоғжановтың сөзінше, 2015 жылы өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қоғамды біріктіруге бағытталған ерекше сайлау.

«Бұл көптеген шет мемлекеттерге үлгі болды, деп жатыр халықаралық байқаушылар мен сарапшылар. Бұл фактіні сайлауды бақылау жөніндегі комиссия да растап отыр. Сайлаудың заңды өткендігін көптеген халықаралық ұйым өкілдері бірауыздан айтуда»,-деп қосты Е.Тоғжанов.  

Естеріңізге сала кетейік, осы жолғы Президент сайлауында ОСК мәліметтері бойынша, тарихта алғаш рет сайлаушылардың 95,11 пайызы дауыс берді.  

Ботагоз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика