Ұлтаралық бірлік

ШҚО-да ҚХА жылына орай «Бір шаңырақ астында» форумы болып өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Бірлік күніне орай, Өскеменде облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен «Бір шаңырақ астында» форумы болып өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 28 Сәуір, 18:23

Форумда «Ұлттық шығармашылықтың, мәдениеттің дамуына, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін» облыс көлеміндегі 11 Достық үйі марапатталды.

ШҚО ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Достық үйлерінің директорлары, сыйлы ардагерлер мен ақсақалдар бас қосқан форум аясында ұйымдастырылған ШҚО ҚХА ХХІ сессиясы «Этноауыл» кешенінде ұйымдастырылды. Жиында өңір басшысы Даниал Ахметов жиын қонақтарымен этносаралық келісімді нығайту бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

« Бүгінгі Ассамблея – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының айшықты нәтижесі. Осы уақытқа дейін «20 жарқын іс» акциясы аясында облыста 540 шара өткізілсе, алдағы «Бірлік күні» қарсаңында өңірде 300-ден аса әр-түрлі шара ұйымдастырылады», – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы сонымен қатар, қоғамдық келісімнің бірегей қазақстандық моделін одан ары нығайтуға бағытталған жұмыстар жалғасын табатынын, биылғы жылыАягөз, Зайсан, Көкпекті, Үржар аудандарында Достық үйлерін ашу жұмыстарының маңыздылығын айтып өтті.

Бұдан кейін ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Е.Аязбаев, аймақтағы Достық үйлерінің директорлары ҚХА жылына орай аймақтарда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жиын соңы мерекелік концертке ұласып өңір басшысы аймақтағы 11 Достық үйінің директорларына сыйлықтар табыс етті.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика