Халықаралық интеграция

ҚР СІМ-де маңызды бағдарламаларды сыртқы саяси сүйемелдеу мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР сыртқы саяси мекеменің басшысы Е. Ыдырысов Министрлік басшылығымен кезекті жұмыс отырысын өткізді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Астана қаласы28 Сәуір , 19:09

Е. Ыдырысов СІМ ұжымын және барлық қазақстандықтарды президенттік сайлаудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеңісімен құттықтады.

ҚР Сыртқы істер министрі қазақстандықтардың сайлауға қатысып, қазіргі Елбасының бағытына қолдау көрсеткен теңдесі жоқ белсенділігін атап өтті.

Е. Ыдырысов Қазақстанға келген халықаралық байқаушыларға алғысын білдірді. Елімізде өткен президенттік сайлауға мыңнан астам шетел қонақтары келгені белгілі, олардың 800-ден астамын бақылаушылар және шамамен 200-ін шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құрды.

Министр «Қоғамымызда демократиялық дәстүрлер мен құндылықтардың нығаюына қолдау көрсететін халықаралық ұйымдармен және серіктестермен Қазақстан осы күнге дейін сындарлы жұмыс істеді, қазір де жұмыс істеп жатыр, болашақта да жұмыс істейді» деп атап өтті.

Қазіргі кезенде ҚР Президенті осы жылғы  наурызда жариялаған бес институционалдық реформалар мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналмақ, бұл туралы Елбасы 27 сәуірде Ақордада өткен баспасөз-конференция барысында жария етті.

Осыған орай, Е. Ыдырысов ҚР дипломатиялық қызметін осы үрдіске барынша қолдау көрсетуге бағыттап, жоғары білікті үкімет құру, меритократия қағидаларын бекіту, заң үстемдігін нығайту секілді реформалардың т.б. элементтеріне зор екпін жасады. Министр, сонымен қатар, маңызды мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде ең алдымен «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» бағдарламасын одан әрі сыртқы саяси сүйемелдеу бойынша нақты міндеттер қойды.

Жұмыс отырысы барысында, сонымен бірге, ел басшылығының алдағы екіжақты және көпжақты форматтағы халықаралық шараларға қатысу тізбегі, негізгі сыртқы саяси басымдықтар, соның ішінде 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ілгерілету, дамуға ресми көмек саласында бастамаларды дамыту, астанадағы штаб-пәтерімен ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік дипломатия хабын құру, сонымен қатар, Қазақстанда жоспарланған бірқатар ірі шараладың – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылардың съезінің, Астана экономикалық форумының және Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселелері бойынша БҰҰ халықаралық медиа-форумының ұйымдастырылуында Министрліктің қатысуы талқыланды.

 




Яндекс.Метрика