Ұлттың денсаулығы

Солтүстік Қазақстанда биыл 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары спортпен белсенді айналыса бастады: үш жылдың ішіндк көрсеткіштер 26,7 пайызға өсті. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжіліс барысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Руслан Есеналин мәлім етті.
Солтүстік Қазақстан28 Сәуір , 17:12

Оның сөзінше, 2014 жылы және биылғы жылдың басында Новоишим және Жәркен аудандарында екі дене шынықтыру-спорт кешені ашылған. Сондай-ақ Новоишим ауданында 25 метрлік жүзу бассейні ашылды.  «Қызылжар ауданының Бескөл мен Новоникольское ауылдарында 2015 жылы тағы екі кешен салынады»,-деді Р. Есеналинов.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов облыстың елді мекендерінде футбол алаңдарының жоқтығына ескерту жасады. «Барлық аймақ әкімдері орын тауып, футбол алаңдарын салулары керек, бұған деген сұраныс та бар, тұрғындар ойнағылары келеді. Біздегі 680 елді мекеннің әрқайсысында футбол алаңы болуы керек»,-деді облыс басшысы.  

Бұған қоса ол облыста қосымша тағы 100 хоккей корттарын ашуды тапсырды,-деп хабарлады аймақ әкімдігі.  

Биылғы жылы жазғы демалыс кезіндегі спорттық шаралармен 58 мың оқушыны қамту жоспарланып отыр. Аймақта барлығы 17 сауықтыру лагерлері жұмыс істейді.  

 




Яндекс.Метрика