Адамзаттық капитал

Астанадағы парадта әскери дәрігерлерден құралған екі бригада кезекшілік атқарады (Фото)

Астанада «Қазақ елі» алаңында өтетін әскерлер парады кезінде мобильді медициналық пункті құрылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 28 Сәуір, 20:09

Мерекелік іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жедел жәрдем каретасында ҚР ҚМ Бас әскери клинкалық госпиталінің екі негізгі бригадасы (мүмкіндігі бойынша тағы да екеуі резервте) кезекшілік етеді.

 Қазіргі кезде ашық шатырлы лагердің аумағындағы медициналық пунктте төрт бригада (20-дан аса медициналық қызметкер) орналасқан. Әскери дәрігерлер (терапевт, хирург, анестезиолог-реаниматолог, травмотолог, стоматолог) парадқа қатысушыларға қажет болған жағдайда білікті медициналық көмектерін көрсете отырып, олардың денсаулық жағдайын қадағалайды.

«Лагерге далалық жағдайларда тәжірибесі бар жоғарғы білікті әскери мамандар жіберілді. Олар кез-келген ауру-сырқаттану белгілері анықталысымен бізге жүгінеді. Біз оларды жедел сауықтырамыз», - деп атап өтті кезекші дәрігер полковник Ардақ Жүсіпов. Бұдан өзге дайындықтар кезінде күн сайын бір медициналық бригада жеке құрамның жаяу шеруі мен механикаландырылған тізбектерге ілесіп жүреді.

«Біз үшін ең ең бастысы – әр жауынгердің денсаулығы және жеке құрамның толық жай-күйі. Кез-келген уақытта біз әскери қызметшілерге жедел медициналық көмек көрсетеміз», - деп мәлімдеді әскери дәрігер. 





Яндекс.Метрика