Аймақтың ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, келелі кеңесте 2014 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 6 ірі жобаны жүзеге асыруға 3,7 млн теңге бөлінді.
«2015 жылы гендерлік теңдік стратегиясы аясында жобаны жүзеге асыруға қаржы көлемі 2,5 есе арттырылып, 9,2 млн теңгені құрады. «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу сынды жобалар қарастырылған», - делінген хабарламада.