ҚР ИИДМБ

Жамбыл облысында химиялық кешен салынады

ЕуроХим компаниясы ағымдағы жылы Жамбыл облысында Минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша химиялық кешен құрылысын бастамақ, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Жамбыл28 Сәуір , 16:23

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев және «ЕуроХим» МХК» АҚ Бас директоры Дмитрий Стрежнев «Жамбыл обылысында  жылына 1 млн. тоннадан кем емес көлемде минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша зауыт құрылысы» жобасын іске асыру барысын талқылады.

Д.Стрежневтің айтуы бойынша, компания жобаның бірінші кезеңін – ұсақтау және бөлшектеуді қоса, тау-кен кешені құрылысын табысты іске асыруда. Бірінші кезең бойынша карьер жанындағы өнеркәсіптік алаң бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды, инфрақұрылымы бар АБК жөнделді және іске қосылды, байыту кешенінің бірінші кезекті объектілерінің құрылысы басталды (бөлшектеу және құрғақ ұсақтау),  пайдалануға беру ү.ж. қыркүйегіне жоспарлануда.

Екінші кезең – Жаңатас қ. фосфатты қайта өңдеу Химиялық кешенінің құрылысы бойынша – компания химиялық кешенді жобалауды аяқтады, ағымдағы жылдың  3 тоқсанында  жобаны мемлекеттік сараптамаға тапсыру және ағымдағы жылы Химиялық кешен объектілері құрылысын бастау жоспарлануда.

ХК құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. Химиялық кешен 300 мың тонна NPK тыңайтқыштарын; 600 мың. тонна калий сульфатын; 660 мың тонна фосфат дикальциясы; 1 200 мың тонна гипс; 390 мың тонна кальций хлоридін және 120 мың тонна магний сульфатын өндіреді.




Яндекс.Метрика