Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Үкіметтің қорынан автожолдардың қайта қалпына келтірілуіне 2,6 млрд теңге бағытталады

Үкіметтің қорынан автожолдардың қайта қалпына келтірілуіне 2,6 млрд теңге бағытталады, деді ОКҚ брифингінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов.
Астана қаласы28 Сәуір , 14:18

«Температураның жоғарылауына байланысты қардың еруіне байланысты осы жылы өңірлердегі су тасқыны ауыр болды. Республикалық автожолдарды су шайған 90 оқиға тіркелді. Оның ішінде Қарағанды, Павлодар,Шығыс Қазақстан облыстары су тасыған аймаққа айналды. Бүгінгі таңда 10 учаскеде  құбырлар орнына жалған қондырғылар орнатылды және  50 учаскеде кедергілер жойылды», - деді Е.Қизатов.

«ҚазАвтоЖол» басшысы айтқандай, шығынның құны 2,6 млрд теңгені құрады. Үкімет қорынан 23 автожол, 7 су құбыры мен 3 көпірдің құрылысына қаржы бөлінді.

Е.Қизатов өз баяндамасында Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген мәндеттемелер автожол саласында толығымен жүзеге асырылып жатқанын, Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша автожолдар салынып жатқанын баса айтты.

Ұлттық компания басшысының айтуынша, қазіргі уақытта барлық жобаларға Үкімет және Ұлттық қор тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, Халықаралық қаржы институттары қаржы бөле бастаған. Сол себепті қолға алынға әр жоба өз уақытында аяқталады деп сендірді, Е.Қизатов.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика