EXPO-2017

Астанада «ЭКСПО-2017 аллеясы» ашылды (Фото)

Бүгін «ЭКСПО-2017 Астана» ұлттық компаниясы «Ұлттық орман отырғызу күні» акциясын өткізді. Аталмыш шара барысында «ЭКСПО-2017 аллеясында» 1 мың 600 көшет отырғызылды.
Астана қаласы 28 Сәуір, 14:05

«ЭКСПО-2017 аллеясы» БҰҰ аллеясы, ҚР Парламенті аллеясы, «ЭКСПО-2014 Астана» ҰК» АҚ аллеясы, ҮЕҰ аллеясы, Жастар аллеясы мен Назарбаев зияткерлік мектептері аллеясы сияқты 7 қатардан тұрады.   

Ұлттық орман отырғызу күні – бұл көгеріштендіру бағытындағы экологиялық шара және ол  жыл сайын көктем мен күз мезгілдерінде елімізде «Тұрақты даму» қоры тарапынан Үкіметтің қолдауымен ұйымдастырылып, ортақ іске биліктің аймақтық органдары мен экология мәселесіне бей-жәй қарамайтын бизнес қауымдастығының өкілдері мен еріктілер қатысты.   

«Бүгін біз біз талдар отырғызамыз, ЭКСПО-2017 аллеясы отырғызылады. Меніңше бұл біздің қаламызды жасылдандыру жұмысына қосылған елеулі үлес. Біздің көрменің тақырыптарының бірі табиғатты сақтап қалып, CO2» қалдықтарының азаюына ықпал ету екендігін білесіздер. Мен бүгін барлықтарыңызды құттықтаймын және бүгін ЭКСПО елеулі үлес қосылады деген ойдамын. Мен бұл көрмені өте жоғары деңгейде өткіземіз деген ойдамын»,-деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев.  

Осы ретте орман отырғызу шарасын «ЭКСПО-2017 Астана» ҰҚ мен «жасыл» экономика үшін және даму коалициясы» мен жердің «Тұрақты даму» қоры, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ұйымдастырғандығын айта кету керек.

Аллеяны отырғызу ісіне дипломатиялық миссия өкілдері мен Парламент депутаттары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғамдық ұйым көшбасшылары, қала тұрғындары мен жастар, мектеп оқушылар мен ұстаздары қатысты.  

«Мен мұнда келіп, өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіріп отырған азаматтардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Осы шараның ұйымдастырушыларына да рахмет айтқым келеді»,-деді Айгүл Соловьева.

Жалпы алғанда аллея қаланың эстетикалық келбетін  келтіріп қана қоймай, астаналықтардың қаланың жасыл қорын жетілдіруге қосқан зор үлестері болмақ.  

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика