«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚР ИДМ «Нұрлы жол» жобаларын жыл соңына дейін жүзеге асыру үшін ХҚИ-мен қарыз алу туралы 12 келісімге отырады

ҚР ИДМ «Нұрлы жол» жобаларын жыл соңына дейін жүзеге асыру үшін ХҚИ-мен қарыз алу туралы 12 келісімге отырады, деп хабарлады ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков ОКҚ-да өткен брифингте.
Астана қаласы28 Сәуір , 13:27

««Нұрлы жол» аясында жобалардың уақыты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 301 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар халықаралық қаржы институттарынан қосымша қаржы тарту көзделуде, бұл шамамен 1 трлн теңге немесе 5,5 млрд жуық доллар. Қазіргі таңда министрлік алдын-ала келіссөздер жүрігізіп жатыр және жыл соңына дейін қарыз алу туралы 12 келісімге отыруды жоспарлап отыр. ХҚИ қаржысы «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Жетiбай-Жаңаөзен» және «Ұзынағаш-Отар» жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады», - деді  А.Беков.

Атап айтар болсақ, «Орталық-Оңтүстік» жобасы Қарағандыдан Куртовқа дейінгі учаскеде жүзеге асырылады. Ол үшін Дүниежүзілік банк пен Еуропалық банктан 2,6 млрд доллар қаржы тартылады.

«Орталық  Батыс жобасы бойынша ағымдағы жылы ТЭН дайындалады, онда бағыт нақты көрсетіледі, жобаға Дүниежүзілік банк, Азиялық және Исламиялық даму банктерінен 1,5 млрд доллар көлемінде қаржы тартылады. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» жобасы бойынша Азиялық және Исламиялық даму банктерінен 960 млн доллар көлемінде қаржы тарту жоспарлануда. Ал, «ЖетiбайЖаңаөзен» 140 млн доллар, «Ұзынағаш-Отар» жобасына 213 млн доллар көлемінде қаржы жұмсалады», - деп хабарлады ол.

Ағымдағы жылы барлық жобалар бойынша ТЭН дайындалады, ал құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика