Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астана қаласының КП Қырғызстанның дуальды білім беру саласының өкілдерімен тәжірибе алмасты

Қырғыз Республикасының делегациясы Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту тәжірибесімен және «Дуальды білім берудің жол картасымен» танысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Сәуір , 15:39

«Дуальды картаның жобасына 8 ыңғайластырылған ұйым енгізілген, олар бойынша 390 адам 9 мамандықты игеріп шығуы керек. Қазіргі таңда колледждер, жұмыс берушілер, білім беру басқармасы мен астаналық палата өкілдерімен 15 төртжақты келісім жасалды. Сонымен қатар, біз техникалық және кәсіби білім беру мамандарын дайындауға мақсатты мемелекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін бизнестің кадрларға деген сұранысына салалық мониторинг жүргізудеміз. 2014-2015 жылдары палата 250 компанияда болып, олар түрлі мамандықтар бойынша 9000 вакансияға деген сұраныс жөніндегі мәліметтерді ұсынды. Палата Аға сарапшылар қызметі өкілдігімен белсенді жұмыстар жүргізуде. Әріптестік аясында қаланың қызығушылық танытқан түрлі  ұйымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ мейманханалық, мейрамханалық және өзге де салалар бойынша сарапшыларды тарту жөнінде консультациялар жүргізілуде»,-деді Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер бойынша директорының орынбасары Айтуған Омаров.     

2014-2015 жылдардағы 14-сәуірде астаналық палатаның мониторинг жұмыстарының нәтижелері бойынша, Астанадағы мемлекеттік білім беру тапсырыстарын қалыптастыру мақсатында сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жасалды. Олардың арасында тас қалаушы, темір желімдеуші, сылақшы, бетон құюшы, фасад жүйелерінің монтажшысы, желдеткіш жүйелерінің монтажшысы, сантехник сияқты кәсіптер бар.  

«Біз жұмыс берушілермен жұмыс істеп үйрендік. Жұмыс берушімен әлеуметтік әріптес болу – колледждің сыртқы бақылауы. Оқу-әдістемелік кешені жұмыс берушілермен келісіледі, өйткені солар арқылы ғана берілетін білімнің талапқа сай екендігін анықтауға болады. Инвестицияланған қаржы мен жастардың білім алуға кеткен 4 жыл уақыт оларды өте мықты сұранысқа ие мамндық иесіне айналдыруы қажет»,-деді «Казпотребсоюз сауда-экономикалық колледжі» директоры Мырзабек Кужимов.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика