«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстанда 2015 жылдың соңына дейін 600 км жаңа жол пайдалануға беріледі – ҚазАвтоЖол

Қазақстанда 2015 жылдың соңынай дейін 600 км жаңа жол пайдалануға беріледі, деді ОКҚ брифингінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов.
Астана қаласы28 Сәуір , 12:57

«Жалпы, елде осы жылы құрылыс-монтаждық жұмыстар 1300 км 40 учаскеде жүруде. 2015 жылы қосымша байқаулар өткізіп, тағы 150 км қосуды жоспарлап отырмыз. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 600 км жаңа жолды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді Е.Қизатов.

«ҚазАвтоЖол» башысы «Нұрлы Жол» бағдарламасы жүзеге асып жатқан жолдардың құрылысы туралы айтып өтті.

«Астана-Алматы бағыты бойынша Астанадан Алматыға дейінгі жолдың қайта жаңғыртылуы жүзеге асуда. Олар Теміртау, Қарағанды, Балқаш, Қапшағай арқылы жүргізіледі. Жөндеу аяқталғаннан кейін бірінші кезеңге 4-6 жолақты қозғалыс орнатылады. Осы жылы 250 км 9 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша Астана ментеміртау арасындағы және Алматы-Қапшағай бағытындағы 1 жолақты пайдалануға беру жоспарланған», - деді ол.

Е.Қизатов атап өткендей, 2019 жылы теміртау-Қапшағай арасындағы жол пайдалануға беріледі.

«Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау» автожолдардың бағытында Атыраудан Ақтау мен Астраханға бағыттар жіберілген. Жаңғыртылуға 2000 км жол жатады. 2014 жылы «Бейнеу-Ақтау» жолының 200 км жаңғыртылды. Қазір 270 км жолда 6 учаскеде жұмыстар жүргізілуде.

Камила Амирова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика