Адами капитал

Ақтөбелік және алматылық ардагерлерге Жеңістің 70 жылдығына арналған медальдар табыс етілді

Жеңіс күні қарсаңында ақтөбелік соғыс және тыл ардагерлері Сара Шүнішбаеваға, Нина Шумейкоға, Неонила Шкиловаға және Вера Шкулипаға «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медалдары табыс етілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан28 Сәуір , 15:08

Олардың барлығы жастығына қарамастан сұрапыл соғыс жылдары кеңестік армияны жабдықтауда аянбай еңбек етті. Екі мәрте Кеңестер Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы полковник Марат Ботин ҰОС ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етіп, алғысын білдірді.

Сондай-ақ, М. Ботин мерейтой жылы әскери оқу орнында курсанттарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланғанын атап өтті. Атап айтқанда, курсанттар жалпықалалық «Жеңіс күні жастардың көзімен» байқауын, «Вальс Победы» фестивалін ұйымдастырып, түрлі сахналанған көріністер әзірлейді. Осы орайда Алматыда Ұлы Отан соғысына қатысқан 24 ардагер армияның орталық үйінде мерейтой медалдарымен салтанатты түрде наградталды.

 «Бүгін бізге табыс етілген наградалар жастардың соғыс ардагерлеріне көрсеткен құрметі, ықыласы екенін байқадық», - деп Ұлы Отан соғысының ардагері Фатима Якушева атап өтті. Жеңістің 70 жылдығын мерекелу аясында мерейтойлық медалдарды тапсыру бойынша салтанатты рәсімдер Семей қаласында да өтті. Алдағы уақытта дәл осындай салтанатты шаралар еліміздің барлық аймақтарында өтетін болады.




Яндекс.Метрика