Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Тұлпар-Тальго» пойыздарында қызмет көрсету сапасы арта түспек

Осы жылдың сәуір айынан жолаушыларға «Тұлпар-Тальго» пойыздарында қазіргі заманғы талаптарға сай сапалы қызмет көрсетуді іске асырудың алғашқы кезеңі басталды. Кешенді жоспар 2017 жылға дейін жалғасатын болады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Казахстан28 Сәуір , 14:52

Бүгінде «Тұлпар-Тальго» жолсеріктеріне деген қосымша біліктілік талаптары қойылып отыр. Мысалы, «Бизнес», «Гранд» вагондарының қызмет көрсету персоналы жоғары біліммен қатар қазақ,орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.

Қазір пойыз бастықтары мен жолсеріктер арнайы білім орталықтарында ағылшын тілін үйренуде. Бұдан бөлек кәсіби  жаттықтырушы-кеңесшілер арнайы тренингтер өткізіп, онда өзін-өзі ұстау этикасына, сөйлеу мәдениетіне, қызмет көрсету стандарттарына, кикілжіңді жағдайларды шешу мәселелеріне баса назар аудармақ.

Жаңа біліктілік талаптарын ескере отырып, жолсерік мамандығының беделін арттыру мақсатында олардың жалақыларын кезең-кезеңмен көтеру көзделіп отыр. 2017 жылға дейін жолсерік жалақысы орташа есеппен 50 пайызға дейін көтерілмек.

«Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Бизнес», «Гранд»вагондарында кезең-кезеңмен жаңа қызмет түрлерін енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, жолаушыларға 4 түрлі мәзірден тұратын тегін тамақ ұсынылатын болады. 

Сондай-ақ, сапар барысында пойыздардаWi-Fi жүйесі – ішкі  мультимедиялық портал ұйымдастырылмақшы. Портал арқылы жолаушылар  жаңалықтар тыңдап, лицензиялықфильмдер мен музыкалық бағдарламарды т.б. тамашалай алады.

Сонымен қатар, «Бизнес», «Гранд»вагондарында жолға қажетті заттар (тіс пастасы, щеткасы,тарақ,майлық,шәрке т.б.) мен балаларға арналған арнайы топтамалар қарастырылған. Астана, Алматы және облыс орталықтарында жолаушылардың тапсырысы бойынша алдын ала такси шақыру қызметі де жоспарланып отыр. «Тұлпар-Тальго»пойыздары үшін арнайы жол сапар журналы шығарылмақ

2016-2017 жылдары осындай қызмет көрсету сапасын көтеру жұмыстары басқа да жолаушылар пойыздарында іске асыру жопарланып отыр.

 




Яндекс.Метрика